Freedom Inside '26

7, 9-мамыр күндері Қазақстанда қалай тойланады?

7, 9-мамыр күндері Қазақстанда қалай тойланады?
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан Қорғаныс министрлігі елде биыл 7 және 9 мамыр мерекелері қандай форматта өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Сенаттағы брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, биыл әскери шеру өткізу жоспарланбаған.

Оның орнына өңірлерде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, плац-концерттер, қару-жарақ пен әскери техниканың көрмелері, сондай-ақ сарбаз ботқасы ұсынылатын дала асханалары өтеді.

Сонымен қатар мерекелік шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шақырылады.

Асқар Мұстабеков мерекелік іс-шараларды қаржыландыру жергілікті деңгейде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен бөлек қаражат бөлінбеген, барлық шығын жергілікті бюджет есебінен өтеледі.