Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережесі өзгеруі мүмкін

Сағыныш Сардарова 23 сәу. 2026 11:35

Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережесі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Жоба жаңартылған Еңбек кодексіне сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

Ұсынылған түзетулер орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдер тізіміне қатысты болып отыр. Бұл тізімге сүттің немесе оған теңестірілген азық-түлік өнімдерінің құны, емдік-профилактикалық тағамдар, сондай-ақ, арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдары енгізілуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove