Back
| DalaNews

“Даму” Жамбылға көңіл бөлмек

 «Даму» Қоры мен Жамбыл облысының әкімшілігі шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру мақсатында 500 млн теңге бөлді

Мұндай несие шартына  «Даму» Қорының Басқарма төрағасы мен Жамбыл облысы әкімшілігінің арасында қол қойылды. Құжат бойынша облыс әкімшілігі мен «Даму» Қоры ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге паритетті негізде 500 млн теңге бөледі. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі  8,5%. Несиенің шектік мөлшері – Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 млн теңгеге дейін, Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан жобалар үшін 50 млн теңге.Несие жаңа құрал сатып алып, негізгісін жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толтықтыруға 36 айға дейінгі мерзім көрсетілген.Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды.

«Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп еместігін, яғни бар жоғы 59 мың екенін ескере отырып, арзан, қолжетімді, ұзақ мерзімге берілетін несие ұсыну арқылы олардың қатарын көбейтуіміз керек. Жылына 8,5% сыйақы мөлшерлемесімен берілетін несие – өңірдегі ШОБ өсіміне үлкен серпін болары анық»,-деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.