"Богатырь Комир" 777 млн теңге көлемінде қосымша салық төлеуге міндеттелді

Қаракөз Амантай 10 шіл. 2025 16:02

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, "Богатырь Комир" ЖШС корпоративтік табыс салығын заңсыз төмен мөлшерлемемен төлеп келген. Компания 15% орнына 5% мөлшерлеме қолданған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік кірістер департаментінің тексерісі барысында салықтың әдейі төмендетілгені анықталған. Осыған байланысты серіктестікке қосымша 777 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын (КТС) өндіру туралы хабарлама жолданған.

Алайда серіктестік бұл шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа жүгінген. Сот алғашқы шешімді жоққа шығарғанымен, облыстық прокуратура апелляциялық шағым түсірді. Павлодар облыстық соты прокуратураның уәжін орынды деп танып, салықты қосымша есептеу туралы хабарламаны заңды деп шешті.

Айта кетейік, соттың бұл шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар