Астанада ер адам Министрліктер үйін өртемек болды

Қаракөз Амантай 10 шіл. 2025 15:27

Астанада 24 жастағы жігіт Министрліктер үйінің бір подъезіне от қоюға талпынды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда ер адамның кіреберістегі турникетке жанғыш сұйықтықты шашып, от қойғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шұғыл әрекет етіп, өртті дер кезінде сөндірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таңғы уақытта автоматты өрт дабылы іске қосылып, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жеткен. Шамамен 2 шаршы метр аумақта тұтанған жалын өрт сөндіргішпен сөндірілген.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның нақты себептері анықталуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар