Жамбылда блогер әдепсіз әрекеті үшін жауапқа тартылды

Қаракөз Амантай 09 шіл. 2025 12:54

Жамбыл облысында Facebook желісінде белсенді блогер болып жүрген юрисконсульт қоғамдық орында әдепсіз әрекеті үшін жауапқа тартылып, үстінен азаматтық шағым түсірілді. Бұл туралы өңірлік соттардың біріккен баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белгілі болғандай, ол облыстық юрисконсульттар палатасының мүшесі.

Бұған дейін ол қоғамдық орында бейтаныс адамның мазасын алып, оның көлігінің қозғалысына кедергі келтірген. Нәтижесінде оған 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жәбірленуші кейіннен моральдық шығын ретінде 500 мың теңге, өкілінің қызмет ақысы үшін 250 мың теңге өндіріп беру туралы сотқа талап арыз түсірді. Сонымен қатар, юрисконсульттар палатасына да жүгініп, оның кәсіби этиканы бұзғаны үшін шара қолдануды сұрады.

Сот істі қарап, талапты жартылай қанағаттандырды: юрисконсульт 50 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы, 275 мың теңге өкілдің қызмет ақысы мен мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, сот палатаға жеке ұйғарым шығарып, нәтижесінде оған ресми түрде сөгіс жарияланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар