3 шілдеде Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. Алдыбергеновтің бизнес империясы туралы Dalanews.kz тілшісі материалында.
Жалпы, оның еңбек жолы толық дерлік мемлекеттік немесе квазимемлекеттік қызметпен байланысты. Алайда, оның жеке кәсібі де бар.
Orda.kz мәліметінше, Алдыбергенов - жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «АстанаТрансЭкспресс» ЖШС-нің құрылтайшысы. Бұл компания нарықта 20 жылдан бері жұмыс істейді. Ал соңғы 10 жыл ішінде 150 млн теңге салық төлеген. Алайда Алдыбергенов бұл компанияның тең құрылтайшысы болмаған, ол оның құрылтайшысы ретінде тек 2020 жылы тіркелген.
2025 жылғы қаңтарға дейін бұл компания «Каспий» тауар биржасының үлесіне иелік еткен. «АстанаТрансЭкспресс» акционерлер қатарынан шыққаннан кейін, компания құрылымында Алдыбергеновтің жарының әпкесі Айгүл Матжанова қалған.
Алдыбергеновтің жары Эльмира Қолғанатқызы, Arasha.kz басылымының мәліметінше, бірнеше табысты компанияға иелік етеді. Бұған дейін оның меншігінде Porto Com компаниясы болған, бұл фирма 2022 жылы рекордтық 922 млн теңге табыс көрсеткен.
Кейін бұл компанияның иесі оның басқа әпкесі — Айнұр Шамшеденова болған.
Бұдан бөлек, Эльмира келесі компанияларға иелік етеді:
▪️ «Беркут Логистик» (жылдық табыс — 81 млн теңгеге дейін);
▪️ «Игилик — РД» (жылдық табыс — 224 млн теңгеге дейін).
Отбасы жалпы алғанда ірі айналымы бар бизнес-империяны бақылап отыр, ал туыстық байланыстар мемлекеттік тапсырыстармен, логистикамен және тіпті Назарбаев дәуіріндегі кейбір тұлғалармен де астасып жатыр.