Ақмола облысында ағайынды жетім балалар заңсыз үй кезегінен шығарылған

Қаракөз Амантай 10 шіл. 2025 12:08

Ақмола облысы Макинск қаласында екі ағайынды бала жетім ретінде баспана алуға құқылы болса да, 13 жыл бойы заңсыз түрде кезектен тыс қалып келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сай, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар тұрғын үйге бірінші кезекте ие болуға тиіс. Алайда жергілікті атқарушы органдар бұл талапты ескермей, екі ағайындының құқығын өрескел бұзған.

Ағайынды Вездецкийлер Макинск қаласында 13 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрғанымен, белгісіз себептермен кезектен шығарылған. Салдарынан олар мемлекеттің баспана беру мүмкіндігінен айырылып қалған.

Бұл әділетсіздік Бұланды ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана жойылды. Құқық қорғау органы заңсыз шешімнің күшін жойып, балалардың құқықтарын қалпына келтірді. Нәтижесінде, көптен күткен қуанышты сәт орын алып, ағайынды жетімдер өз үйлеріне қол жеткізді. Ақмола облысы прокуратурасы бұл туралы ресми хабарлама таратты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар