Туберкулез ауруымен күрес мемлекет назарында

Dalanews 04 мам. 2015 22:10 1027

Кеңес кезінде Қазақстан туберкулез аурулары жөнінен басқа одақтас мемлекеттерге қарағанда көрсеткіш жағынан жоғары болды. Одан кейінгі экономикалық тоқырау жылдарында аталмыш індет елімізде күрт өскені жасырын емес. Оның ішінде алғашқы науқастану да, туберкулез ауруынан қаза болатындар саны да артты. Мұндай күрделі жағдай 1998-2002 жылдарға дейін сақталды. Осыны ескеріп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылы «Денсаулық сақтау саласындағы кезек күттірмейтін шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Осыдан бастап елімізде туберкулезге қарсы күрес бағдарламасы бекітіліп, нәтижелі жұмыстар басталып кеткен еді.


 Нақастар саны қысқарды




[caption id="attachment_10454" align="alignleft" width="394"]Тілеухан.03 Бекзат Тоқсанбаева, Ұлттық референс бактериологиялық лабораторияның жетекшісі[/caption]


Бағдарлама аясында қаржыландыру мәселесі нақты қолға алынды. Мемлекеттік қамқорлықтың арқасында ауруханалардың материалдық-техникалық базасы нығайып, дәрі-дәрмекпен, тамақпен қамтамасыз ету, науқастарға жіті көңіл бөлуге ерекше назар аударылды. Бұрын толыққанды ем ала алмай жүрген науқастар бұдан кейін барынша емделуге мүмкіндік алып, нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал оң бағытта өзгере бастады.


Үкіметтік қаржыландыру мәселесінің оңтайлы шешілуінің арқасында медициналық-диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жақсарып, науқастарға нақты әрі тез арада диагноз қою мүмкіндіктері жоғарылады. Осылайша біз халықтың құрт ауруымен науқастану деңгейін қысқа мерзім ішінде төмендеуге қол жеткізгенімізді мақтанышпен айта аламыз. Осылайша 1998 жылдан 2014 жылдар аралығында өлім көрсеткішінің төмендеуі әрбір 100 мың адамға шаққанда 38,4-ден 4,7-ге кемігенін байқауға болады. Бұл 87,8 пайызды құрайды. Сол сияқты науқастану көрсеткіші 165,3-ден 66,4-ке кемігенін де айта кетуіміз керек. Демек, бұл бағыттағы көрсеткішіміз 59,8 пайызға төмендеген. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарламалардың нәтижелі жүргізілгенінің айқын дәлелі болып табылады. Бүгінде біздер алғашқы науқастану мен өлім көрсеткіштерін бұдан да төмендетуге күш салып, жұмыс істеп келеміз.  Бұған мемлекеттік қолдау мен күш-қуатымыз толықтай жетеді. Бүгінде біздер туберкулез мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудеміз. Олар құрт ауруын анықтайтын заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге үлкен көмек көрсетті.


Бұдан басқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының туберкулез ауруын анықтау және емдеуге байланысты ұсыныстарын біздер ресубликамызда дер кезінде ендіріп, заман талабына сай жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Бүгінгі таңда Қазақстанда диагностикалық-емдеу әдістері халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Мәселен, туберкулезге диагноз қоюдың нақты және дәлелді жолы – бактериологиялық-зертханалық әдіс. Ал флюро және рентген арқылы туберкулез ауруына күдікті адамдарды анықтауға болады. Олар бұдан кейін бактериологиялық-зертханалық және басқа да тексерулерден өтуі тиіс. Міне, құрт ауруын емдейтін еліміздегі ауруханалар осындай заманауи қондырғылармен жабдықталды. Осының арқасында туберкулездің эпидемиологиялық негізгі көрсеткіштерін жалпы қоғамға қауіпсіз деңгейге түсіру мүмкіндігіне ие болдық. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай, дәрігерлерді жоғары дәрежеде қорғайтын мұрындықтармен (маскалармен) қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл – жеке басты қорғаудың тәсілдері. Аурухана ішілік ауаны алмастыру жүйесі инфекциялық бақылау талаптарына сай ретке келтірілген.


Қазіргі таңда туберкулездің дәріге төзімді түрлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс әлемде орын алып отырғанын ескерте кеткеніміз жөн. Сонымен қатар туберкулез таяқшаларының дәріге төзімділігін ескеріп, ауруларды тиісті бөлімшелерде және ауруханаларда оқшаулап емдеуді жолға қойдық. Мәселен, бірінші қатардағы дәрілер мен науқастарды 6-8 ай емдесек,  екінші, үшінші қатардағы дәрілер мен науқастарды, яғни дәріге бейімделіп кеткен түрлерін ұзақ 24-36 айға дейін емдеуге тура келеді.




1998 жылдан 2014 жылдар аралығында өлім көрсеткішінің төмендеуі әрбір 100 мың адамға шаққанда 38,4-ден 4,7-ге кемігенін байқауға болады. Бұл 87,8 пайызды құрайды. Сол сияқты науқастану көрсеткіші 165,3-ден 66,4-ке кемігенін де айта кетуіміз керек. Демек, бұл бағыттағы көрсеткішіміз 59,8 пайызға төмендеген. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарламалардың нәтижелі жүргізілгенінің айқын дәлелі болып табылады.



Бүгінде науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті. Республикалық бюджет қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етіп отыр. Елімізде өндірілетін дәрілердің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес. Бұл жағынан бізде мәселе жоқ.


Осы ретте мына бір мәселені айта кетуіміз керек. Кеңес заманында елімізде құрт ауруы көп белең алғанын әңгіме басында айттық. Тіпті, туберкулезді емдемек түгілі, нақты диагноз қоюдың өзі қиын еді. Себебі, заманауи құрал-жабдықтар болған жоқ. Одан кейін экономикалық тоқырау жылдары басталды. Осы кезде біз науқастарды туберкулездің дәрісімен тұрақты қамтамасыз ете алмадық. Осылайша елімізде түберкулездің күрделі түрлері пайда бола бастады. Қазірдің өзінде біз туберкулездің жалпы деңгейін азайтқанымызбен, оның дәріге төзімді түрлері біршама артты. Сондықтан да аурухана ішіндегі ауа алмастырғыштарды заманауи қондырғылармен қамтамасыз етіп, жеке басты қорғайтын маскаларды пайдалануға деген талапты күшейтіп келеміз. Негізінен, бұл әр адамның жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына да байланысты. Сонымен қатар біз ауруханаға келген науқастардың туыстарына да маска киюін талап етеміз. Ауру да, оған келуші адам да міндетті түрде маскада болуы шарт. Аурудың инфекциялық жұғу қауіпі кезеңде аурулар өзіне келген адамдармен маска киіп, тілдеседі.



Туберкулезге тосқауыл қойған замануи жабдықтар




[caption id="attachment_10455" align="alignright" width="386"]Тілеухан.02 Bactec-Mgit-960 аппаратымен жұмыс істеу барысы[/caption]

Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында рентген аппараттарының ең жо- ғарғы түрі – компьютерлік томограф жұмыс жасайды. Мұның туберкулезді анықтауда пайдасы мол. Мәселен, өкпе ауруларының ішінде өкпенің тесілген түрлері өте көп кездеседі. Міне, сол тесіктің нақты қай деңгейде тұрғанын, ол емделгеннен кейін қаншалықты жабылып келе жатқандығын анықтауда таптырмайтын құрал. Сондай-ақ, сүйек, буын туберкулезін тексеругеде өте қолайлы. Екіншіден, бізде Ұлттық референс бактериологиялық лаборатория жұмыс жасайды. Осы арқылы біз ауруханада жатқан науқастардың ауруын бактериологиялық жолмен анықтауға және облыстағы бактериологиялық лабораториялардың сапасын тексеруге мүмкіндік алдық. Қазіргі таңда Еуропадан әкелінген соңғы үлгідегі құрал-жабдықтардың барлығын сонда орналасқан. Сонымен қатар, бізде Bactec-Mgit-960 аппараты бар. Бұрынғы қондырғылар бойынша, қақырықты «өсімтал ортаға» еккен кезде туберкулез таяқшалары үш айдан кейін өсіп шығатын. Осыған байланысты туберкулез таяқшаларының дәріге төзімділігін анықтау үшін 2-3 ай уақыт жоғалтатынбыз. Осыдан кейін науқастарды емдеу тәсіліне өзгеріс енгізуге тура келетін. Ал Bactec-Mgit-960 құрал-жабдығы 2010 жылдан бастап барлық облыс орталықтарды жұмыс істеуде. Соның арқасында 7-28 күннің арасында аурудың дәріге төзімді түрлерін толық анықтауға қол жеткіздік. Демек, бұрынғы бактериологиялық зерттеу уақытын біз қазір үш есеге қысқарттық. Сол сияқты G-Xpert, Hain-test сынды жабдықтар да дәл диагноз қоюға мүмкіндік туғызуда. Айталық, G-Xpert аппартыбірнеше сағатта науқасқа дәл диагноз қойып, оны дер кезінде ем қабылдап, аурудан айығып кетуіне септесіп келеді. Бұл құрал-жабдықтар қазір еліміздің барлық аймағында бар. Осының арқасында бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды толықтай бақылап отырған жайымыз бар.




Bactec-Mgit-960 құрал-жабдығы 2010 жылдан бастап барлық облыс орталықтарды жұмыс істеуде. Соның арқасында 7-28 күннің арасында аурудың дәріге төзімді түрлерін толық анықтауға қол жеткіздік. Демек, бұрынғы бактериологиялық зерттеу уақытын біз қазір үш есеге қысқарттық. Сол сияқты G-Xpert, Hain-test сынды жабдықтар да дәл диагноз қоюға мүмкіндік туғызуда. Айталық, G-Xpert аппартыбірнеше сағатта науқасқа дәл диагноз қойып, оны дер кезінде ем қабылдап, аурудан айығып кетуіне септесіп келеді. Бұл құрал-жабдықтар қазір еліміздің барлық аймағында бар. Осының арқасында бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды толықтай бақылап отырған жайымыз бар.



Білікті маман ынталандыру жалғасуда


Тілеухан.Біздер құрт аурумен күресетін мамандардың біліктілігін арттыру үшін оқу орталығын ашып, дәрігерлердің жаңа қондырғылармен жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырмыз. Өйткені, жаңа қондырғыларды пайдалануды облыстағы дәрігерлеріміз, бактериологтарымыз біле бермеуі мүмкін. Сондықтан олардың іс-тәжірибесін арттыру үшін, осындағы оқу-әдістемелік базасына шақырып, теориялық және практикалық жағынан үйретіп тұрамыз.


Шыны керек, құрт ауруымен күрес саласында ауылдық жер тұрмақ, облыс орталықтарының өзінде мамандар жетіспейді. Ауруханалардағы медициналық қызметкерлерді қажетті деңгейде ұстап тұру үшін зейнет жасындағы дәрігерлердің жұмысын пайдалануға мәжбүрміз. Дегенмен бұл бағытта да жұмыстар жасалынуда. Қазір туберкулез саласында жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлерге инфекциялық қауіптілігі жоғары орында жұмыс істегені үшін айлықтан бөлек 33 624-38 933 теңге аралығында  қосымша ақы төленеді. Дәрігерлердің қызығушылығын арттыру мақсатында емдеу нәтижесіне қарай дифференсалды ақы төлеу алдағы уақыттың еншісінде. Бұл бағытта арнайы дайындық жұмыстары қолға алынып, жүріп жатыр.


Алдағы уақытта біздің орталық туберкулезге қарсы жаңа дәрілерді емдеу ісіне енгізуіге баса мән беріп отыр. Бірінші кезекте біздің мамандар дәрілеге мұқият тексеру жұмыстарын жүрзіп, оны науқас қабылдағаннан кейін, бақылау жұмыстарын жүргізеді. Дәрі жақсы нәтиже көрсеткеннен кейін оны емдеу ісіне қолдануға енгіземіз. Осылайша құрт ауруына шалдыққан адамдарды қысқа мерзім ішінде емдеп, ауыр дерттен құлан-таза айықтыру біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі болып саналады.




[caption id="attachment_10459" align="aligncenter" width="900"]Тілеухан04 Ұлттық референс бактериологиялық лабораториясының қызметкерлері[/caption]


Ауылдағы ахуал толық бақылауда

Тілеухан.01Қазіргі таңда облыс, аудан тұрғындарының арасындағы туберкулезді анықтау мәселесі алғашқы медициналық көмектің жұмысы болып табылады. Демек, әрбір облыс, аудан-ауылдардағы емхана-амбулаториялар туберкулезді анықтаумен айналысады. Осы ретте олар жыл сайын туберкулезге қарсы тексерулер ұйымдастырады. Жылжымалы флюромен жергілікті халықтың денсаулығын анықтайды. Оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер сынды бюджет саласының қызметкерлерінің барлығы тұрақты түрде тексеріліп тұрады. Бұдан бөлек туберкулезбен ауырып қалу қаупі жоғары топтар да үнемі облыстық-аудандық денсаулық сақтау саласының назарында. Қазір біз ауруды екі жолмен анықтаймыз. Бірі – жылжымалы флюро болса, екіншісі қақырықты микроскоппен тексеру жолы. Мысалы, жылжымалы флюро жылына бір-ақ рет келеді. Флюроографиялық тексеруден тыс уақытта адамдардың шағымына қарай, жөтеліп жүрген адамдардың қақырықтары микроскопиялық тексеруден өтеді. Осылайша біздер аурудың жұқпалы түрлерін дер кезінде анықтай аламыз. Анықталған аурулар ауруханаға жатқызып, ем-домын қабылдайды.


Өз кезегінде көші-қон мәселесі туберкулез ауруының таралуына біршама ықпал етіп отырғаны белгілі. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз еңбек мигранттары арасында туберкулезді анықтау ісі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Олардың арасында ауырудың жұқпалы түрі анықталса, еліміздегі нормотивтік құжаттар оларды аурудың жұқпайтын қауіпсіз түріне жеткізгенге дейін емдейміз. Ары қарай олар емін жалғастыру үшін өз еліне қайтаруға тура келеді.


Жаңа науқастанған адамдар да, бұрыннан емделіп келе жатқандар да біздің республикалық базамызда тіркеуде тұрады. Сонымен қатар, бұрын бізде Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші басым болатын. Қазір олардың барлығы орта деңгейге түсті.



Қылмыстық атқару жүйесіндегі оңды өзгерістер


Қазір қылмыстық атқару жүйесіндегі туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы күрделі. Онда туберкулезге шалдығу мен одан болатын өлім-жітім көрсеткіштері азаматтық қоғамға қарағанда біршама жоғары. Мұның өзі қылмыстық атқару жүйесіндегі туберкулезбен күресте әлі де шешілуі тиіс мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Жалпы, түрмедегі туберкулездің азаматтық қоғаммен салыстырғанда жағдайы күрделі болғанымен, онда да ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын байқаймыз.



2013 жылы 100 мың адамға шаққанда 965,8 адам болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 799 адамға (17,3 пайыз) төмендеді. Бұл қылмыстық атқару жүйесінде де ахуалдың жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын айғақтайды. Әрине, ол жақтағы ахуалды азаматтық қоғаммен салыстыруға келмейді. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесінің басшылары біз талап етіп отырған мәселелерді біртіндеп орындап келеді. Қазір колониялардың бактериологиялық-диагностикалық мүмкіндіктері жоғарылауда. Қарағандыдағы туберкулезді емдейтін екі колонияның бір жерге шоғырланғанын ескеріп, оларға туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрлерін тез анықтайтын Bactec-Mgit-960 және G-Xpert  аппаратын алып бердік. Ал басқа облыстың қылмыстық атқару жүйелері сотталғандар арасында туберкулездің бар-жоқтығын жылдам анықтау үшін облыстық тубдиспансерлердің лабораторияларын пайдалануда. Демек, қажет болған жағдайда ешқандай ауру тексерусіз қалмайды. Олар да жаңа заманауи лабораториялық қондырғылармен тексеріліп, қорытындысы дер кезінде шығарылып, тиімді, нәтижелі емдеу әдістерін қолдануда. Сонымен қатар бұрындары қылмыстық атқару жүйелерінде туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 40 пайыздың деңгейінде ғана болса, бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұны 85 пайызға көтеруді ұсынды. Осы мәселе қазір өз шешімін тапты. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесіндегі осындай мақсатты жұмыстар ондағы өлім көрсеткіштерін, туберкулезге шалдығуды біртіндеп төмендетіп, хал-ахуалды жыл өткен сайын жақсарта түсуге өзінің көмегін тигізуде.


Қылмыстық атқару жүйелерінде фтизиатр мамандар жетіспейді. Сондықтан фтизиатр мамандардың аздығына байланысты олар қосымша істеуші, яғни біздің азаматтық саладағы дәрігерлерге өздерінде қосымша ақы беріп, өз жұмыстарын толыққанды атқаруға мүмкіндік алып отыр. Жалпы, қылмыстық атқару жүйесіндегі фтизиатр мамандардың жалақысын көтеруіміз керек. Жалпы алғанда қылмыстық атқару жүйесінен босап шығып, азаматтық ортаға қадам басқан науқастардың тұрғылықты жеріне барып, тіркеліп, ем қабылдау деңгейін 100 пайызға дейін жеткізу біздің басты жұмыстарымыздың бірі болып табылады. Қазіргі таңда түрмедегі науқастардың арасында үгіт-насихат жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижелерін беруде.




Бұрындары қылмыстық атқару жүйелерінде туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 40 пайыздың деңгейінде ғана болса, бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұны 85 пайызға көтеруді ұсынды. Осы мәселе қазір өз шешімін тапты. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесіндегі осындай мақсатты жұмыстар ондағы өлім көрсеткіштерін, туберкулезге шалдығуды біртіндеп төмендетіп, хал-ахуалды жыл өткен сайын жақсарта түсуге өзінің көмегін тигізуде.  



Мемлекет қамқорлығы


Туберкулезді әлеуметтік қолдау кейбір аудандарда тәуір жүзеге асып келеді. Жергілікті әкімдер тубдиспансерлердің материалдық-техникалық базаларын ДСҰ талаптарына сай жабдықтау, жөндеу жұмыстарын басты бақылауда ұстаса деген тілегім бар. Негізі, біз әдістемелік ақыл-кеңес беретін орталықпыз. Ал одан нәтижелі қорытынды шығару жергілікті басшылардың біліктілігіне байланысты. Егер біз көтерілген мәселеге дұрыс көзқарас танытып, оны болдырмаудың жолдарына барынша көңіл аударсақ, онда алдағы уақытта дұрыс жолға қойылып келе жатқан жұмыс одан әрі жақсара түсетініне сенімдімін.




[caption id="attachment_10460" align="alignright" width="436"]Тілеухан..jpg12 Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы[/caption]

Үкімет құрт ауруына шалдыққан азаматтарға айрықша қамқорлық көрсетіп келеді. Айталық, туберкулезге шалдыққан адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2013 жылы мемлекет тарапынан қолдауға 403 млн. теңге бөлінген болатын. Ал 2014 жылы қолдау қаржы 553 млн. теңгеге артып, әлеуметтік қолдау 150 млн.теңгеге ұлғайғанын байқаймыз. Осылайша жыл өткен сайын туберкулезге шалдыққан ауырулардың құлан-таза айығып кетуі үшін бөлінген қаржысы артып келеді. Осы бір қарапайым жайттан-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік саланы қолдауға қаншалықты көңіл бөліп отырғанын байқаймыз. Әдетте құрт ауруына шалдыққан адамдар біраз күйзеліске ұшырап, өмірге құлшынысын жоғалтып алатыны белгелі. Мемлекеттің қолдауы осындай ауыр кезеңде ел азаматтарының тағдырына бей-жай қарамайтынын аңғартса керек. Осы әлеуметтік көмекке қол жеткізген науқастардың өмірге деген құштарлығы оянып, үзбей ем қабылдап, дені-сау адамдардың қатарына қосылып жатқанын көріп, көңілімізге қуаныш ұялайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында еліміздегі науқастар толықтай тегін дәрімен қамтамасыз етілген. Бүгінде елімізде құрт ауруына шалдыққа адамдарға мемлекеттік бюджеттен бөлек, жергілікті әкімдіктер де қолдау көрсетіп тұратынын айта кетуіміз керек. Әкімдіктер мүмкіндіктеріне сай науқастардың тамағына, жолақысы үшін қаржы бөліп келе жатқанын айта кетуіміз керек. Мемлекет тарапынан осындай қамқорлыққа ие болған науқастардың өмірге деген құштарлығы жыл өткен сайын артып келе жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы шеңберінде ҚР Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезге қарсы кешенді іс-шаралар жоспары» басты шам-шырағымызға айналып отыр. Осы құжатты басшылыққа алып, еліміздегі туберкулездің таралуын дамыған Еуропа елдеріндегідей төменгі деңгейге түсіруге күш саламыз. Бұл жұмыстардың бәрі мемлекеттің қолдауымен іске асатыны сөзсіз.


Тілеухан ӘБІЛДАЕВ,


Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар