Алматыда RAMS Qazaqstan компаниясы 40 қабатты ғимарат салудан бас тартты

Асель Қайратқызы 17 қар. 2025 16:48

RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясы 40 қабатты Beyond Almaty кешенін салу жобасына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тұрғын үй салушының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сай, компания 2025 жылдың қыркүйегінен бастап жобаны жүзеге асыруға қатысушылар қатарынан бас мердігер ретінде шығу туралы шешім қабылдағаны айтылған.

— Компания девелопмент саласындағы басқа да маңызды бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырып, сапаның жоғары стандартын және тұрақты даму қағидаттарына беріктігін сақтайды, — деп атап өтті RAMS Qazaqstan.

Айта кететін болсақ, RAMS Beyond компаниясының Тимирязев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында салынуы жоспарланған 40 қабатты мұнара жобасы бұған дейін кең қоғамдық резонанс тудырған еді. Тұрғындар сейсмикалық қауіпті аймақта мұндай биік нысанның салынуы көлік коллапсына әкелуі мүмкін және инженерлік желілерге қосымша салмақ түсіретініне алаңдаушылық білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар