Әнші Медеу Арынбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның құрметіне жазылған әннің тарихын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, Медеу Арынбаевтың "Дариға жүрек" атты әні 2005 жылы шыққан болатын.
"20 жыл өтіп кетті ғой. Маған "Хабар" арнасынан Серік Абас-шах мырза телефон соқты. Сол кезде музыкалық ойын-сауық бағдарламасының режиссері болса керек. Сол кезеңде маған "Хабарға" кіріп кетші" деді. Ол кезде "Хабар" - басты арна. Түсірілімге шақырған болар деп ойладым", - дейді Арынбаев.
Телеарнаға келген бойда Арынбаевқа кассета ұстатқан.
"Маған "осы әнді тыңдашы, осыны айтуың керек" деді. "Хабар" айтса көреміз. Ол маған бұл ән кімге арналғанын, бұл әннің мақсатын айтқан жоқ. "Хабар" ұжымының, Серік Абас-шах бастаған ұжымның Дариға Нұрсұлтанқызына деген... Бұл тек жанамалы, астарлы сый сияқты көрінді. Мен тек орындап бердім, болды", - дейді әнші.
