Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қалай іске асуда?

Dalanews 22 қар. 2023 05:00 942

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтқан болатын. Міне содан бері біраз уақыт өтіп, біраз шаруа атқарылды. Осы ретте Dalanews.kz тілшілері Үкіметтің бұл бағытта атқарылған жұмыстарына талдау жасады.

Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие және тариф саясатын тең дәрежеде және ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті және шикізаттық емес экспорт саласын ынталандыруға баса мән берген болатын.



Айталық, 2022-2023 жылдары елімізегі $41,3 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған Қазақстанның «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңына түзетулер әзірленді. Бұл заң еліміздегі өндірістің алға басуына ықпал ете бастады деп айтуға толық негіз бар.



Осы уақыт аралығында өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.

Ал экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданып, олардың қатарында



- ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері;

- 7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны;

- автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер бар.

Осы уақыт аралығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданып, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды.

Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылғаны.

Ал халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң қабылданды. Аталымыш заң қабылданғаннан кейін қазір елімізде 11,3 млрд теңгеден астам сомма бойынша 7,1 мың азамат банкрот деп танылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар