Темірлан Анарбеков мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады

Көркем Алдабергенова 28 қаң. 2026 16:06

Алматының «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков командасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

22 жастағы қазақстандық қақпашы «Қайратпен» 2028 жылдың қараша айына дейін есептелген жаңа келісім жасасты. Осылайша, Еуропа клубтарына ауысуы мүмкін деген қауесеттерге қарамастан, Анарбеков мансабын Алматыда жалғастыратын болды.

Маусым басында Темірлан «Қайратта» негізгі құрамда болмаған. Алайда негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алғаннан кейін алаңға шығып, өзін толықтай дәлелдей алды.

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы ойыншылары рейтингінде көш бастаған болатын. 

УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы топтық кезеңнің алтыншы турынан кейін «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков футбол әлемін таңғалдырды.

SofaScore порталы жариялаған ең жоғары көрсеткіш жинаған ойыншылар рейтингінде қазақстандық қақпашы Килиан Мбаппеден озып түсті:

Анарбеков — 8,9
Мбаппе — 8,34


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove