Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды.
"Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен барлық ұсыныс негізінде әзірленді", - деді ол.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. "Халық кеңесі" және "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді.
"Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Бұл - Конституция мәтінінің 84%-ы", - деді Конституциялық комиссияның мүшесі.
