Мигранттарды қарда жүретін көліктермен тасымалдаған: ІІМ ауқымды операция жүргізді

Сағыныш Сардарова 28 қаң. 2026 16:14

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

22 қаңтарда Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдердің азаматтарын ұстады. Олар сыйақы үшін Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту схемасын ұйымдастырған.

"26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында республикадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік ұсталды. Ол бөтен фамилиямен елге қайта кірген. Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау арқылы шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін ұйымдастырған топ ұсталды. Күдіктілерден көліктер, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар, флэш-карталар, медициналық мекемелердің мөрлері тәркіленді. Негізгі ұйымдастырушылар сот санкциясымен қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы және 394-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove