Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен қолданылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Робот ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады.
"Нақты уақыт режиміндегі бейнебақылау полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген. Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында пайдаланылады", - деді ІІМ өкілі.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылып жатыр.
