Жарты миллиард теңге тапқан: Қостанай облысында қарыз беріп, заңсыз байыған екі адам сотталды

Жарты миллиард теңге тапқан: Қостанай облысында қарыз беріп, заңсыз байыған екі адам сотталды
ҚМА

Қостанай облысында қарыз беріп, заңсыз байыған екі адам сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚМА мәліметінше, олар 2024-2025 жылдары өздеріне бағынышты төрт компанияның - "Союз-Костанай" ЖШС, "Экспресс Тенге" ЖШС, "Express Gold" ЖШС және "Express.com" ЖШС-ның жұмысын ұйымдастырған. Бұл желі облыстың аудан орталықтары мен кенттерінде жұмыс істеген.

Клиенттерге банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына жүгінбей, зергерлік бұйымдарын кепілге қойып, ақша алу ұсынылған. Комиссиялық сауда деген желеумен мүлкін кепілге қою арқылы азаматтарға ақша берілген. Берілген ақшаны пайдаланғаны үшін күн сайын 0,4 пайыз мөлшерінде сыйақы есептелген. Алайда клиенттермен арада жазбаша қарыз шарттары жасалмаған. 

Екі жыл ішінде олардың қызметін 1 600-ден аса азамат пайдаланған. Заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 миллион теңгеден асқан.

Сот мүлкін тәркілей отырып, екі адамды да 2 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген мүліктің қатарында бес пәтер, үш көлік, екі жер телімі бар. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.