Қазақстанда халық денсаулығын сақтау мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды бағдарламалар қабылданып, медицина қызметінің сапасын жақсарту, мамандардың біліктілігін көтеру бағытында көптеген жұмыстын үздіксіз жалғасып келеді.
Бүгінде ел ішінде кең тараған бірнеше аурудың түрлері бар. Көп жағдайда мұны халықтың әлеуметтік жағдайымен байланыстырып жатамыз. Иә, халықтың денсауылғын жасқартуда әлеуметтік мәселелердің өзіндік орыны бар. Десек те әрбір адам өзінің денсауылғына жауапты болуы керек.
Дәрігер мамандардың сөзіне сенсек, қазір ел азаматтары жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық аурулар және қант диабеті сияқты аурулардан көп жапа шегеді екен. Ауыл мен қалада білікті медицина мамандары осы ауырумен үздіксіз күрес жүргізіп келеді. Дәрігерлер ауруды ерте бастан диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін күш біріктіріп жұмыс істеуде. Мемлекет осындай ауырулардың ерте бастан анықтап, алдын алу үшін скрингтер ұйымдастырып, халықтың денсауылғына жақсартуды барынша насихаттап келеді.
Бүгінде елімізде медициналық тексерулер аурулардың алдын алу, ерте диагностика және қоғамдық денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқаратыны көпшілікке мәлім. Тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен жеке клиникаларда қол жетімді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы негізгі медициналық тексерулерге диспансеризация мен профилактикалық тексерулер жатады. Мәселен, созылмалы ауруларды ерте анықтау үшін МӘМС есебінен қаржыландырылатын белгілі бір жас топтарына міндетті диспансеризация жүргізіледі. Оған қан және несеп талдаулары мен УДЗ мен рентген жатады. Ал электрокардиограмма (ЭКГ) сияқты кардиологиялық тексерулер, қант диабеті, гипертония және онкологиялық ауруларда ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы ретте диспансеризация балалар мен ересектерге жыл сайын өткізілетінін оқырмандармыздың есіне сала кеткіміз келеді. Бұл шаралар аурулардың асқынбауын, денсаулық ақауды уақытында анықтауға және бастапқы кезеңдерде емдеуге септеседі.
Сонымен қатар елемізде онкологиялық ауруларға скринингтерде ұдай жүргізіледі. Елімізде онкологиялық ауруларға скрининг жүргізу үшін мемлекеттік бағдарламалар енгізілген. Бұл скринингтік тексерулерді 40 жастан асқан әйелдер үшін сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін маммография, 30-70 жас аралығындағы әйелдер үшін жатыр мойны қатерлі ісігіне пап-тест арқылы бақылау жүргізіліп келеді. Ал 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер үшін колоректальды қатерлі ісікке скринингі жұмыс істейді.
Медициналық тексерулер қолжетімді болғанына қарамастан, ауылдық жерлерде медициналық персонал мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты қиындықтар бар. Бұл мәселелерді шешу үшін мемлекет телемедицинаны дамытып, шалғай елді мекендерде скрининг және диагностика жүргізетін жылжымалы медициналық кешендерді ашуда. Осылайша, Қазақстандағы медициналық тексерулер аурулардың алдын алуда және халықтың денсаулығын жақсарту ісіне баса көңіл бөліп отырған ел ретінде танылып келеді.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде, медициналық мамандардың тапшылығы біршама байқалуда. Шалғай аймақтарда мамандардың болмауы халықтың көп бөлігі үшін сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуді қиындататаны белгілі. Сонымен қатар елімізде халықтың денсаулық көрсеткіштерін төмендететін фактор екенін де ұмытпауымыз керек. Сол себепті билік орындары жас дәрігер мамандарға қолдау көрсетіп, ынталандыру бағдарламаларын ұдай жүргізуде. Шалғай аймақтарда жұмыс істеу үшін кадрларды даярлау осы мәселені шешуде маңызды рөл атқаратынын айта кетуіміз керек.
Медицина саласындағы инновациялар мен заманауи технологияларды қолдану еліміздегі медициналық қызметті заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік бертіні сөзсіз. Сондықтан науқастарды жаңа технологиялармен емдеу әдістерін енгізудің маңызы зор.
Әңгіме арасында Қазақстанда телемедицина саласын белсенді дамытып келе жатқанын тілге тиек еттік. Қазіргі таңда телемедицина алыс аймақтардағы пациенттерге кеңес беріп, диагностикалау жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Сондықтан телемедицина денсаулық сақтау саласының маңызды тармағына айналды десек болады. Бұл технология ауылдық және шалғай аудандарда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, пациенттердің уақытын үнемдеуге және мамандар арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр. Телемедицина денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырудың бір жолы ретінде мемлекет тарапынан да, жеке медициналық мекемелер тарапынан да қызу қолдауға ие болғанын айта кетуіміз керек.
Телемедицинаның көмегімен ауыл тұрғындары астаналық және облыстық ауруханалардағы жоғары білікті мамандардың кеңесіне қол жеткізе алады. Бұл әсіресе жүрек-қан тамырлары, эндокриндік және онкологиялық аурулар сияқты созылмалы дерттері бар пациенттер үшін маңызды. Соңғы уақыттары елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында телемедицина жобаларына қаржы бөлінуде. Айталық, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында интернет инфрақұрылымы жақсарып, шалғай елді мекендерде байланыс сапасы арттырған.
Ал COVID-19 пандемиясы телемедицинаға деген сұранысты арттырып, оны кеңінен қолдануға итермелегені белгілі. Карантин және шектеу шаралары кезінде қашықтан кеңес беру және диагностика жасау қажеттілігі айқын сезілді. Пандемиядан кейін де телемедицина өзектілігін жоғалтпай, қалыпты медициналық тәжірибеге енді.
Медициналық ғылым мен білімнің дамуы да кадрларды даярлауға байланысты, бұл тұрақты денсаулық сақтау жүйесін құру үшін маңызды рөл атқарады. Медициналық университеттер мен колледждерде жоғары білікті оқытушылар, дәрігерлердің біліктілігін үнемі арттыру және заманауи оқу бағдарламаларын әзірлеу Қазақстанды білікті мамандармен қамтамасыз етуге көмектеседі.
Осылайша, Қазақстанда медициналық мамандық — ұлттың денсаулығы, экономикалық даму және шетелдік мамандарға тәуелсіздік үшін стратегиялық маңызды салаға айналды. Медициналық кадрларды қолдау және дамыту денсаулық сақтау жүйесін тұрақты түрде дамыту – барлық ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту үшін негізгі факторға айналды.