Fitch рейтингтік агенттігі ең жоғары бағаны ТМД елдері ішінде Қазақстанның банк секторына беріп отыр. Бұл немен байланысты екенін Dalanews.kz сайтынан оқып-біле отырыңыздар.
"Бөлшек несиелеу қызметіне, соның ішінде жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемер табысына үнемі жіті назар аударудың арқасында Қазақстанның банк секторы 2025 жылы да жоғары рентабельді болып қала бермек", делінген Fitch шолуында.
Fitch алдағы жылы да бұл сектордың негізгі тиімді көрсеткіштері сол күйінде жоғары болып қалады деп күтеді. Банктік операцияларға салынатын салықтардың ықтимал өсімі несиелендіру секторына айтарлықтай әсері болмайды.
"Банктер биылғы жылы тағы да жоғары рентабельділікті көрсетті: меншікті капиталдың орташа рентабельділігі (ROE) 2024 жылдың 9 айында 34% құрап, 2022-2023 жылдардағы деңгейлерге сай келді. Банктер ҚР Ұлттық банктің базалық сыйақы мөлшерлемесін ақырындап төмендетіп (биыл 150 пунтке түсті) жатқанына қарамастан әлі де жоғары нарықтық пайыздық мөлшерлемелерден пайда көруде", делінген хабарламада.
Ұлттық банк статистикасына сәйкес, теңге түріндегі жаңадан тартылған бөлшек несиелер бойынша орташа пайыздық сыйақы мөлшерлемесі шамамен 2024 жылдың 9 айында 100 базистік тармаққа өсті, ал бұл өз кезегінде несиелерге деген сұраныстың жоғары екенін танытады, деп атап өтті Fitch.
Дегенмен агенттіктің мәліметінше, 2024 жылдың 9 айындағы есептеулер теңгедей салынған мерзімді депозиттер бойынша тұрақты орташа ставкалар 8% құрайтын банктердің жылдық таза пайыздық маржасын қолдайтынын көрсетеді.
"Базалық сценарий бойынша Қазақстан банктерінің таза пайдасы 2023-2024 жылдардағы деңгейлермен салыстырғанда жоғары шығындар сипатындағы тәуекелдерге байланысты аздап төмендеуі мүмкін. Бұл ретте банктер активтерінің сапасы қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелендіру есебінен нашарлайды. Біз мұны Қазақстандағы жоғары тәуекелді сегмент ретінде борышкерлердің қарыз жүктемесін арттыра түскен 2021-2022 жылдарғы қысқа мерзімді және жоғары пайыздық мөлшерлемелермен несиелендіру өсімімен ұштастыра қарастырамыз ", деп есептейді Fitch.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылық несиелендіру өсімімен күресуге бағытталған соңғы шаралары банктердің бөлшек несиелендіру саласындағы тәбетін төмендетуі мүмкін. Осыған байланысты Fitch 2025 жылы сектордың орташа тәуекел бағамы шамамен 2% деңгейінде тұрақтанады деп күтеді.
"Салық салымына қатысты ықтимал өзгерістер де банктердің қызметіне теріс әсер етуі мүмкін, бірақ ол шектеулі болады деп күтеміз... Қалай дегенмен де біздің ойымызша, қазақстандық банктер жылдан жылға көлемі артып келе жатқан салық шығындарын комиссиялар түрінде өз тұтынушыларынан өндіріп алады", - делінген агенттік хабарламасында.
Қазақстанның банк секторы үшін Fitch беріп отырған операциялық орта рейтингі bb + құрайды, болжам - тұрақты. Ал бұл Fitch рейтингі ұсынған ТМД елдерінің банк секторлары арасында ең жоғары көрсеткіш екенін еске саламыз.