Freedom Inside '26

Елде несие пайызы төмендеді

Елде несие пайызы төмендеді
Фото: dknews.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендеткеннен кейін екінші деңгейлі банктер де кепілсіз несиелер бойынша шарттарын қайта қарай бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нарықтағы ірі банктердің бірі жалақы жобасына қатысатын тұтынушылар үшін мөлшерлемені 31,4%-дан 28%-ға дейін, ал өзге клиенттер үшін 35,1%-дан 30%-ға дейін төмендетті.

Дегенмен мұндай несиелер әлі де қымбат саналады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) ең төменгі деңгейде 21,8%-дан басталғанымен, көп жағдайда 28–35% аралығында қалып отыр. Кейбір бағдарламаларда бұл көрсеткіш 42%-ға дейін жетеді.

Сарапшылардың болжамынша, инфляцияның одан әрі баяулап, базалық мөлшерлеменің 2026 жылдың соңына қарай 16%-ға дейін төмендеуі жағдайында несие шарттары да жақсара түсуі мүмкін. Бұл ретте ең төменгі мөлшерлемелер 20%-ға жуықтап, нарықтағы негізгі ұсыныстар 26–33% аралығында қалыптасуы ықтимал.