Қазақстан Азия даму банкінен (АДБ) 3,4 млрд юань көлемінде қарыз тартпақ. Қарыз 15 жыл мерзімге беріледі. Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін Құрылтай депутаттары Азия даму банкімен жасалған қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қабылдады. Құжатқа 11 қыркүйекте қол қойылған. Құжатқа сәйкес, Қазақстанға 3 млрд 411 млн 350 мың қытай юані көлемінде қарыз беріледі. Оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған.
Қарыздың пайыздық мөлшерлемесі SHIBOR көрсеткішіне және өзгермелі үстемеге байланысты белгіленеді. Ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15 пайыз көлемінде резервтеу комиссиясы алынады. Келісімде көрсетілген бастапқы пайыздық мөлшерлеме – 1,69 пайыз.
Азия даму банкінен тартылатын қаражат әлеуметтік саланы, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беруді және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға жұмсалады.