Freedom Inside '26

"Қайда кетпекші?" – Нағима Есқалиева әріптесі Роза Рымбаеваға "ұрсып берді" (ВИДЕО)

"Қайда кетпекші?" – Нағима Есқалиева әріптесі Роза Рымбаеваға "ұрсып берді" (ВИДЕО)
Dalanews.kz коллажы

Танымал әнші әрі ұстаз Нағима Есқалиева өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналист Тимур Балымбетов сұхбат барысында Нағима Есқалиевадан Роза Рымбаеваның соңғы уақытта сахнамен қоштасу туралы жиі айтуының себебін сұраған.

Әнші әріптесінің сахнадан біржола кететініне сенбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, Роза Рымбаева өнерсіз өмір сүре алмайтын тұлға.

"Жынды ма ол? Ол қайда кетпекші? Пугачеваның өзі жүз рет кетіп, жүз рет келген. Ол немересімен ұзаққа отыра алмайды. Ол сахнасыз өмір сүре алмайды. Бұл оның өмірі", – деді Нағима Есқалиева.

Сонымен қатар ол Роза Рымбаеваны ұстаздыққа бірнеше рет шақырғанын айтты. Алайда әнші бұл ұсынысқа келіспеген.

Нағима Есқалиеваның сөзінше, Роза Рымбаева академияда сабақ берсе, көптеген студентке жол ашып, мықты педагог болар еді.

"Ол біздің академияда ұстаздық етсе, біраз студенттің бағын ашар еді. Өте керемет педагог болатын еді", – деді ол.