Жиында облыс әкімінің орынбасары Шакәрім Бұқтұғұтов өткен алты ай ішінде өңірде сырқаттанғандар саны 15 есеге төмендегенін айтты. Егер өткен жылдың қараша айында коронавирусқа шалдыққандар саны 9,7 мыңнан астам адам болса, наурызда бұл көрсеткіш 645-ке азайған. Эпидемиологиялық жағдай сәуір айында ушыға бастады. Ол кезде ауру жұқтырғандар саны 2,8 есе өскен. Бүгінгі күні осындай 1057 жағдай тіркелді.
Эпидемиологиялық жағдай бойынша Өскемен, Семей және Аягөз қалалары «қызыл» аймаққа кірді. Шакәрім Бұқтұғұтовтың сөзіне сүйенсек, аталған қалаларда 22 сәуірден бастап карантиндік шараларды күшейту бойынша облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енген.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың ең оңтайлы жолы ол – вакцинациялау. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басынан бері өңірде медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтар мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқа Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады.
Қазір облыста 380 мамандандырылған екпе салу пункттері ашылды. Сәуірдің басында COVID-19-дан вакцинацияланған адамдардың саны 14,5 мыңға жеткен. Бүгінде бұл көрсеткіш 3 есеге өскен. Яғни, 48,5 мың адамға артты.
Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, сәуір айының соңына дейін вакцинаның 72 мың дозасы жеткізіледі. Қазан айының басына дейін өңірде коронавирустан 747 мың адамды немесе ШҚО тұрғындарының жалпы санының 53 пайызын егу жоспарланған. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар. Тек бір тәулікте 380 пунктте 13 300 адам, ал бір айда 292 600 адам вакцина алуы керек.
– Қазір біз вакцинаның бірінші компонентімен халықты вакцинациялау жоспарын толықтай орындадық. Вакцинаның жаңа дозаларын жеткізуді күтеміз және бірінші кезекте Өскемен, Семей, Аягөз және өнеркәсіптік кәсіпорындардың егу пункттеріне жібереміз, – деді Даниал Ахметов.