Шеврон Қазақстанға қанша инвестиция құйды?

Dalanews 06 қар. 2018 06:35 852

Орта Азиядағы болашағынан үлкен үміт күттіретін ең қарқынды дамушы нарық – Қазақстан. Political Insights басылымында жарық көрген мақаланың тақырыбы осындай.

 АҚШ-тағы беделді сарапшылардың біздің елге берген бағасы бұл.

Мақалада Қазақстанның антиресейлік санкцияларға қарамай бизнесті барынша қолдап отырғаны туралы айтылады.

АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі Ұлттық комитетінің президенті Сьюзан Эллиоттың пікірінше, Қазақстан бизнеске келгенде туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын-алуда әрі АҚШ-пен арадағы дипломатиялық байланыстарды да өз деңгейінде сақтауға тырысуда.  

– Осы арқылы антиресейлік санкциялар ақыр түбі Қазақстанға да әсер етеді секемденіп жүрген Батыс инвесторларының көкейіндегі күдікті сейілтіп отыр, – дейді Эллиот.  

Оның ойын «Шеврон» корпорациясының Еуразиядағы және Таяу Шығыстағы бөлімшесінің жетекшісі Тодд Леви толықтырып өтіпті.


Батыс пен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастың салқындауы Қазақстандағы шетелдік компаниялардың жұмысына қандай да бір кері әсер тигізбеген.

Сөй деген Леви Қазақстанға келгеніне ширек ғасырдан асқан «Шеврон» компаниясының табысты бизнесті жолға қойғанын және алдағы уақытта ел экономикасына тағы 36 млрд. доллар инвестиция құятынын тілге тиек еткен.



– Осы уақыт ішінде қазақстандық әріптестеріміз сенім сүзгісінен өтті. Олар өздеріне жүктелген міндетті кезең-кезеңімен атқаруда. Оларға әр кезде арқа сүйеуге болады, – дейді Тодд Леви.   

Басылым сонымен қатар күні кеше Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігін паш еткен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовтың сөзін мысалға келтіріпті.

Ал Келімбетов не деп еді?

– Дүниежүзілік банк және Doing Business-тің рейтингінде біздің ел 28-ші орынға көтерілді. Былтыр 36-шы орында едік. Сегіз саты өстік. Тізімдегі 190 елдің арасында алдыңғы отыздықта жүргеніміз тәп-тәуір көрсеткіш, – деген болатын Келімбетов.

Тағы да сол Дүниежүзілік банктің дерегінше былтыр Орта Азияға құйылған шетелдік инвестицияның 60 пайызы Қазақстанға бағытталған.


«Демек, Тодд Левидің Батыс инвесторының күдігін сейілтіп оларды Қазақстанды шақыруы тегін емес. Осы арқылы ол шетелдік кәсіпкерлерге Қазақстанда табысты бизнес жүргізуге боларына кепілдік беріп отыр», – дейді бұл ретте Political Insights.

Дереккөз:  Political Insights – The New Kazakhstan: Central Asia’s Most Promising Emerging Market. 


25 жылда...




Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде Қазақстанға инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу қажеттігін тілге тиек еткен. “Инвестиция – кез келген экономика­ның “күретамыры” деген еді Президент.

Бұл ретте біз еліміздегі ең ірі инвестордің бірі – Шеврон компаниясының Қазақстанға келгелі бері уақытта ел экономикасына қанша қаржы құйғанына тоқтала кеткенді жөн көрдік.  


Шевронның” өз құндылықтары бар. Соның бірі: 

 “Біз серіктесімізді сыйлаймыз

Серіктестермен арада сенімді әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бет бұрамыз. Біздің жетістіктеріміз серіктестеріміздің жетістіктеріне негізделген” – деген маңызды принцип. 

Иә, Шеврон солай дейді. Ширек ғасыр бойына Қазақстанмен қойын-қолтықтасып жұмыс істеп келе жатқан компания осы уақытқа дейін елдің экономикасына қыруар инвестиция құйды. Бірақ  құр сөзден не пайда? Нақты дәлел келтірген жөн шығар.

 Сонымен…

1993 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта ТШО Қазақстанға 125 миллиард доллардан астам қаржы  құйыпты.  Аз ба? Аз деп айтуға аузымыз бармайды.

1993 жылдан бастап осы күнге дейін ТШО қазақстандық компаниялардың 24 миллиард  долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланған екен.


Бүгінгі таңда ТШО-да еңбек ететін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 80 пайыздан асып жығылған (1993 жылы бұл көрсеткіш 50 пайызды құраған-тұғын).



Алдағы жылдары бұл көрсеткіш өсе түспесе, төмендемейді. Жергілікті мамандар кейбіреу ойлағандай Шевронның «қара жұмысында» жүрген жоқ. Әзір ТШО-дағы қазақстандық мамандар жалпы басшылық құрамның 67 пайызын құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаның нәтижесінде жауапты қызметке тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары артып келеді.

Бір ғана дәлел. Бір ғана былтырғы жылы 156 қазақстандық қызметкер басшылық, жауапты және маңызды техникалық қызметтегі шетелдік қызметкерлерді алмастырған. Шевронның шарапаты тек мұнымен шектеліп отырған жоқ, әрине. Компанияның әлеуметтік жобалары тағы бір мақалаға арқау болады, анығында.

1993 жылдан беріге дейін ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған екен.


 Қазақстанға келген алғашқы күндерден бастап «Шеврон» әлеуметтік жобаларды жандандыруды қолға алды.

«Шеврон» білім саласына да едәуір ықпал етті. Осыдан 5 жыл бұрын компанияның мұрындық болуымен Қазақстан-Британ техникалық универститетінің (ҚБТУ) жанынан алғашқы рет Қазақстан Теңіз Академиясы құрылды. Акамедияның алғашқы түлектері қазіргі күні теңіз тасымалы саласында тер төгіп жүр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар