Шетелдердегі Абай орталықтары

Dalanews 19 қаз. 2021 07:39 937

      2011 жылдың 30 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ең алғашқы сапары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға ерекше серпін бергені белгілі. Соның нәтижесінде  сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Вьетнамның Ханой ұлттық педагогикалық университетінде Абай атындағы  Мәдениет және ғылым орталығы ашылды.

Ханой ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Нгуен Ван Минь өзінің құттықтау сөзінде бұл орталықтың ашылуы екі ел арасындағы қатынастардың нығаюына, вьетнамдықтардың қазақ халқының мәдениетімен терең танысуына ықпал ететінін айтқан болатын. Хакім Абайдың: «Басқа елдің тілі мен мәдениетін үйренген адам сол халықпен тең дәрежеде болады» деген сөзі осы салтанатты жиынның лейтмотивіне айналды.

Ал 2013 жылы қазан айында Хошимин педагогикалық университетінде ашылған Абай атындағы Қазақстан-Вьетнам мәдени-білім беру орталығы да екі ел арасындағы рухани байланысты күшейтуге ықпал етті. Осы орталықтың ашылу салтанатында Хашимин университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Нгуен Ханг Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша бірлескен онлайн конференциялар өткізіп тұруды ұсынған еді. Осының нәтижесінде Вьетнам студенттеріне Абай мұраларын насихаттауда ауқымды жұмыстар атқарылды.

Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университенінде, Түркияның Эрзинжан университенінде Мәскеу мемлекеттік қалалық университетінде ҚазҰПУ-дің бастамасымен ашылған Абай орталықтары ғұлама ойшылдың шығармаларын шетелдерде насихаттауға зор үлес қосып отыр. Ташкенттің Низами атындағы ұлттық педагогикалық университетімен осы оқу орнында Абай орталығын ашу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті енді өзі әріптестік байланыста жұмыс істеп отырған Еурапа мемлекеттері университеттерінде де Абай орталықтарын ашуға ынта білдіруде.

Бұл орталықтар, біріншіден,  Абай атындағы  ҚазҰПУ-дің халықаралық беделін көтеруге, бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, оқытушылардың, студенттердің, магистранттар мен докторнаттардың акдемиялық ұтқырлығын үйлестіруге, екіншіден, бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыруға, үшіншіден, Хакім Абайдың рухани мұраларын шетелдерде насихаттауға ықпал етуде.

Мырзахан Ахметов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Баспасөз орталығының қызметкері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар