ҚБТУ-ды бақылаумен Назарбаевтың білім беру қоры айналысатын болды

Көркем Алдабергенова 26 қаң. 2026 16:22

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) бақылауды қайтадан иеленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғамдық NNEF қоры, оның құрылтайшыларының бірі - Динара Құлыбаева, 2025 жылдың қыркүйек айында ҚБТУ-дың акционері атанды. Бұған дейін университет Қайтарылған активтерді басқару компаниясының меншігінде болған.

Акционердің ауысқаны туралы ақпарат қаржылық есептілік депозитарийінің ресми сайтында жарияланған.

Корпоративтік оқиғалар жөніндегі өзге бір есепте ҚБТУ ғимаратының мемлекет меншігіне берілгені көрсетілген.

Жарияланған акционер шешімінде:

«1957 жылы салынған, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші саналатын, Алматы қаласы Төле би көшесі, 59 мекенжайында орналасқан “ҚБТУ” АҚ-ның әкімшілік ғимаратын сыйға тарту шарты жасалып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы мемлекетке беру. Аталған ғимаратты сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жасасуды бастау», - делінген.

Осылайша университет ғимараты мемлекет балансына өтсе, ал білім беру қызметі мен университеттің корпоративтік басқаруы қайтадан Назарбаев қорының құрылымына қарасты болып отыр.

Қазіргі таңда аталған шешімге байланысты мемлекеттік органдар тарапынан қосымша түсініктеме берілген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove