Головкинді Ташкент әуежайында салтанатты түрде қарсы алды

Көркем Алдабергенова 26 қаң. 2026 13:06

Өзбекстан бокс федерациясы Instagram желісінде World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен өткен кездесудің видеосын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кадрлардан Головкиннің Ташкент әуежайында ұшақ трапынан түсе сала жылы қарсы алынғаны байқалады. Оған гүл шоқтары табысталып, құрмет көрсетілді.

Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда World Boxing президентін Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары, Asian Boxing вице-президенті Сәкен Полатов және ФБУ бас хатшысы Шохид Тиллабоев қарсы алған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкентке Генеральдық ассамблея жұмысына қатысу үшін барған. Жиын барысында бірқатар стратегиялық мәселелер, соның ішінде Азия бокс конфедерациясы (ОСА) басшысын сайлау мәселесі қаралады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove