Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сотқа журналистер қатыспайды

Қаракөз Амантай 26 қаң. 2026 17:38

Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот процесі жабық режимде өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Судья Айжан Құлбаева сот отырысының жабық өтуіне марқұмның кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау себеп болғанын түсіндірді.

“Қаза тапқан Ержан Бабақұмаровтың 16 және 12 жастағы екі кәмелетке толмаған баласы бар. Сонымен қатар іс адам өміріне қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Мұндай істердің егжей-тегжейін бұқаралық ақпарат құралдарында ашық жариялау қылмыстың сипаты мен жасалу тәсілінің қоғам алдында талқылануына әкелуі мүмкін”, – деді судья.

Еске салайық, бұған дейін Dalanews.kz дереккөзі Ержан Бабақұмаровтың қаза болғанын хабарлаған еді. 

Астананың полиция департаменті экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың қазасын растады.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, төбелес болған. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove