Арнайы рұқсатсыз пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген тұрғын жазаланды

Көркем Алдабергенова 26 қаң. 2026 16:40

Алматы облысынына қарасты Еңбекшіқазақ ауданында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірудің қайталанған фактісі анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азамат «К» бұған дейін әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, арнайы рұқсат құжаттарынсыз экскаватор арнайы техникасын пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді қайта жүзеге асырған.

Заңсыз өндірілген материалдың жалпы көлемі 32 текше метр болған.

Құқық бұзушының әрекеттері жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған. Бірінші сатыдағы сот оны ӘҚБтК-нің 139-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 220 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салған.

Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін көзделген санкция айыппұлмен қатар, құқық бұзушылықты жасау барысында пайдаланылған құралдар мен қаражаттарды міндетті түрде тәркілеуді де қарастырады.

Алматы облысы прокуратурасының араласуының нәтижесінде, жоғары тұрған сот алғашқы қаулыны өзгертіп, нарықтық құны шамамен 25 млн теңге болатын «Zaxis LCN 200» маркалы экскаваторды тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылық қалпына келтіріліп, құқыққа қайшы әрекеттерге тиісті құқықтық баға берілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove