Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезеңнен бері оның азаматтығына қатысты сұрақтар толастамаған еді. Бұған дейін оның Ресей мен Ұлыбританияның төлқұжаттары болғаны белгілі. Шарлапаевтың өзі Қазақстан азаматы екенін бірнеше рет мәлімдегенімен, бұл жайтқа күмән келтіргендер де табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді бұл мәселеге нүкте қойылды. Журналист Дмитрий Шишкин Қанат Шарлапаевтың Ұлыбритания азаматтығынан 2023 жылдың қараша айында ресми түрде шыққанын растайтын құжатты жариялады.
Оның айтуынша, азаматтықтан бас тарту рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөніндегі өтінішпен бір мезгілде басталған.
Айта кетейік, өткен аптада Қанат Шарлапаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.
