Қызылорда облысында құны 3 млрд теңгеге Qazaq camel зауыты салынған

Dalanews 23 қаң. 2026 11:24

Қызылорда облысының Арал ауданындағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт құрылысымен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жоба бастамашысы «Qazaq Camel» ЖШС 392 тонна өнім шығарады деп жоспарлануда. Зауыт құрылысына 3 млрд. теңге қаржы салынған. Оның 1,8 млрд. теңгесі мемлекет қолдауы, яғни жеңілдетілген несие, 1,2 млрд. теңгесі жеке қаражат есебінен. Осы жылдың наурыз айында іске қосылып, 23 адам жұмыспен қамтылады.
Негізгі өндірістік ғимараттың құрылысы мен қондырғыларды орнату 90% аяқталған. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы осы жерде шаруа қожалықтары және шағын кәсіп иелерімен кездесіп, бастаған істі дамыту, өнім өндіру мен өңдеуді жолға қою мәселелерін талқылады. Бірінші кезекте сапаға мән беріп, өндіріс көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, өткен жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі саласында 406,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 6,4%-ға өсті. Нақты айтсақ, тамақ өнімдерін өндіру 3,4%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 5,2%-ға, жиһаз өнеркәсібі 43,6%-ға, жеңіл өнеркәсіп 12,4%-ға, химия өнеркәсібі 2,7%-ға, құрылыс индустриясы 4,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 1,7%-ға артты.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove