Атырауда түнде қатты музыка қойған жүргізушілер көлігінен айырылып жатыр

Атырауда түнде қатты музыка қойған жүргізушілер көлігінен айырылып жатыр
видео кадры

Атырауда түнгі уақытта құқық бұзған бірнеше адамның көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде түрлі құқықбұзушылыққа жол берген 4 көлікті анықтап, арнайы тұраққа қойған.

"Қала аумағында Lada Priora маркалы көлікті басқарған 2006 жылы туған тұрғын түнгі уақытта көлігінде музыканы қатты қойып, айналасындағыларға кедергі келтіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Бұл дерек бойынша оған ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды", - деді Атырау ПД өкілі.

Сонымен қатар, түнгі уақытта түрлі құқықбұзушылық жасаған өзге де жүргізушілер анықталып, оларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданған.