Қазақстанды азық-түлікпен қамтамасыз етуші №1 елдің аты аталды - зерттеу

Кәмшат Тілеухан 22 мам. 2025 15:50

Қазақстанда азық-түлік импорты тоғызыншы жыл қатарынан өсуде. Бұл туралы Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы мәліметтеріне сүйене отырып, EconomyKZ шолу жариялады. Оған сәйкес, 2025 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанға келіп-жеткен импорт көлемі 0,8%-ға шамалы өсіп, 12,9 млрд долларды құрады. Сонымен қатар, 2023 жылдың рекордтық І-тоқсанымен салыстырғанда ағымдағы импорт көлемі 9,5%-ға кем (14,3 млрд), деп хабарлайды Dalanews.kz

Инвестициялық тауарлар. ҚҚС-ті есептен алу туралы амал-айлаларға қарамастан, күрделі капитальды құралдар (машиналар мен жабдықтар) импорты 6%-ға, яғни 2,4 млрд долларға дейін өсті. Осы санаттағы тауарлар, негізінен, Қытайдан (45%), Ресейден (10%) және Германиядан (7%) әкелінеді. Бұл ретте өнеркәсіптік көлік құралдарының импорты 21,3%-ға немесе 425 млн-ға дейін төмендеді. Ал бұл санаттағы тауарлар да негізінен, Қытайдан (45%), Ресейден (10%) және Германиядан (7%) импортталады.

Аралық тауарлар. Аталған санаттағы тауарлар импортының 1%-дық жалпы өсіміне қарамастан, оның ішінде көп бағытты трендтер де байқалады. Өндіріске арналған шикізаттық азық-түлік тауарлары бойынша ең елеулі құлдырау тіркелді: -58,1% немесе 89 млн долларға дейін. Ресейден келетін бұл тауарлардың импорты 4 еседен астам төмендеді: 166 миллионнан 39 млн долларға дейін (атап айтқанда, Ресей бидайы 101 миллионнан 7 млн долларға дейін). 2024 жылғы тамыздан желтоқсан аралығына дейін қолданыста болған елімізге бидай импортына салынған тыйымның күші жойылғанына қарамастан.

Сонымен қатар, импорт көлік саймандар көлемі 9,2%-ға немесе 1,2 млрд долларға дейін өсті, бұл ҚР-дағы автомобильдерді құрастыру өнеркәсібіне салынған инвестициялардың қазіргі өсімінен байқалады. Энергетикалық аралық тауарлар импорты +38,6%-ға немесе 561 млн долларға дейін өскен, оның ішінде шикізаттық майлау материалдары 83,8%-ға артуына ерекше назар аударған жөн. Бұл ішкі нарықтағы газ тапшылығына байланысты Ресейден табиғи газ тасымалының 2,2 есеге немесе 251 миллион долларға дейін өсуіне байланысты.

Тұтыныс тауарлары. Тұтыну тауарлары импортының жалпы өсімі небәрі 0,5%-ды құрады, бірақ бұл санаттың ішкі құрылымында көп өзгерістер байқалады: азық-түлікке жатпайтын тауарлар, негізінен, жартылай ұзақ мерзімді тауарлардың (-12,9%) және жеңіл автомобильдер (-6,5%) импортының құлдырауы есебінен 1,9%-ға қысқарды.

"Оның аясында азық-түлік импортының 6,6%-ға, яғни 1,25 миллиард долларға дейін өсімі ерекше көзге түседі, бұл тоғыз жылдық өсім үрдісінің жалғастығын танытады. Негізгі өсімді Ресейден (+15%), Қытайдан (+51%), Беларусьтен (+30%) және Украинадан (+37%) жеткізілген тауарлар қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Ресейдің азық-түлік импортындағы жиынтық үлесі өте жоғары деңгейде қалып отыр: ақшалай - 47%, тонналай - 68%".

Орташа жалпы өсімдегі қайшылық белгілі бір тауар позициясының ("өзге де тамақ өнімдері") қайта жеткізілімі болмауына байланысты Испаниядан тартылған біржолғы импорттың 105-тен 3,7 млн долларға дейін төмендеуімен түсіндіріледі. Испандық құбылысты есепке алмағанда, Қазақстанға тасымалданған азық-түлік импортының нақты өсімі 16,7% -ды құраған болар еді!

"Азық-түлік импорты көлемінің, әсіресе жақын көршілердің есебінен үздіксіз өсіп отыруы Қазақстанның ішкі сұранысты қамтамасыз етуде тұрақты түрде сыртқа тәуелділігін нақтылайды. Сонымен қатар, бір импорттаушыға (Ресейге) жоғары шоғырлану еліміздің азық-түлік жүйесінің сыртқы күйзелістерге осалдығын күшейте түседі. Мұндай үрдіс импортты алмастыру саясатын қайта қарауды, ішкі өндірісті ұлғайтуды және азық-түлік жеткізілімі көздерін әртараптандыруды талап етеді", - дейді зерттеу авторлары.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) Талдау орталығының 2024 жылдағы сыртқы секторға жасаған шолуын жариялаған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар