Дипломат әйелін ұрған: Сәкен Мамашқа қатысты іс сотқа жетті

Көркем Алдабергенова 21 мам. 2025 14:34

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты іс Астананың ауданаралық қылмыстық сотына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұрынғы әйелі Карина Мамашқа күш қолданды деп күдікке ілінген. Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растаған.

Сот процесі 29 мамырда өтеді. Сонымен қатар, Сәкен Мамаштың қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды.

2024 жылғы мамырда Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі оның өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын мәлімдеген. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі оны БАӘ-дегі қызметінен кері шақыртты. Өткен жылдың 9 мамырында жәбірленуші Астанаға оралған. Қауіпсіздік мақсатында Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылған.

Кейінірек Сәкен Мамашқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы ("Азаптау") бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны хабарланған еді.

2023 жылғы қазанда Карина Мамаш ажырасқанын ресми түрде жариялады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар