Қазақстанда жөргекпұл мен бала күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшері аталды

Сағыныш Сардарова 21 қар. 2025 10:10

2025 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 692 млрд теңге көлемінде бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осылайша 508 мың адам қамтылған. Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен 286 мың адам алды, барлығы 51,7 млрд теңге төленген. Соның ішінде қазанда 5,2 млрд теңге көлемінде 28,5 мың адам алды.

Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 36,4 млрд теңге сомасына орта есеппен 124,7 мың адам қамтылды, оның ішінде қазанда 3,7 млрд теңге көлемінде 126,8 мың адам алды.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын мына мөлшерде төленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар