Әскердегі сарбаздардың өлімі туралы сұраққа қорғаныс министрі күліп жіберді

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 18:04

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскердегі сарбаздардың өлімі туралы сұраққа күліп жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шенеунік қазір мұндай оқиғалар жоқ екенін айтып, қайтыс болған сарбаздардың аналарының митингіге шығуы бұрынғы оқиғаларға байланысты екенін жеткізді.

"Қойыңызшы? Сізге шын айтып тұрмын, бүгінде бізде ондай деректер жоқ. Ол аналардың оқиғалары өткен жылдары - 2020-2023 жылдары болған. Біз оларды қабылдап жатырмыз. Аналар митингіге шыққан мәселелердің бәрі тергеу жұмыстарына қатысты. Тергеуді ІІМ жүргізіп жатыр, ол Бас әскери прокуратураның бақылауында", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар