Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары Астанада наразылыққа шыққан болатын.
Артынша Қорғаныс министрлігі митингіге шыққан аналардың наразылығына жауап берді.
