Әскерде қаза болған сарбаздардың аналары Астанада наразылыққа шықты

Көркем Алдабергенова 10 қар. 2025 11:41

Үкімет үйінің алдына әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары жиналды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедьяров хабарлады. 

"Бүгін Үкімет үйінің алдына бейбіт уақытта әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары келді. Оларды қорғаныс министрі немесе министрлік өкілі қабылдайды деп жоспарланған. Ал қазір полиция жиналысты заңсыз деп танып, адамдарды тарауға шақырып жатыр", – деді Ахмедьяров әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.

Видео кадрларында ата-аналардың реформалар жасауды талап етіп тұрғанын көруге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар