Атырауда жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 17:34

Атырауда жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамның видеосы тарап кетті. Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынған.

"Қоғамдық орында жалаңаш жүрген 1964 жылы туған ер адам дереу ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам уақытша ұстау орнына қамалды", - деді полиция.

Ол профилактикалық және медициналық есепте тұрмайтыны анықталды.

Атырау облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар