Заңгер Айгүл Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды

Көркем Алдабергенова 20 қар. 2025 17:37

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбекке Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Қадағалау органы блогер Айгүл Орынбекке қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын растап, іс қозғалған баптарды жария етті.

Прокуратура мәліметінше, Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Айгүл Орынбекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған:

  • 190-бап, 3-бөлім, 1-тармақ — ірі көлемдегі алаяқтық;

  • 407-бап, 2-бөлім — сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру;

  • 423-бап — сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялау.

"Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Шымкент қаласының прокуратурасы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар