21 қарашада ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 21 қар. 2025 07:00

21 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

21-22 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түркістан қ.: 21-22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қарашада түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Астана қ: 21 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

21 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 21 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.

21 қарашада түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 21 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

21 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 21 қарашада көктайғақ күтіледі.

21 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

21 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 21 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

21 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қарашада Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ: 21 қарашада кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Көкшетау қ: 21 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 
 
21 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүсік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 21 қарашада тұман күтіледі.
 
21 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
 
21 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, батысында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 21 қарашада күндіз тұман күтіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар