Tesla компаниясы акробатикалық трюк жасап, төрт дөңгелегіне қонып, әрі қарай қозғалысын жалғастыра алатын жаңа родстер көлігін көрсетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Компанияның жаңа көлігі иілген рампамен жоғары көтеріліп, шыңына жеткенде қозғалтқыштардың көмегімен ауада аударылып, жолға қонған.
Компанияның мәліметінше, автомобиль сағатына 97 шақырым жылдамдыққа небәрі 0,81 секундта жете алады.
Жаңа көліктің сериялық өндірісін 2028 жылы бастау жоспарланып отыр.