Қызылордада көлік қаққан бес айлық сәби көз жұмды: анасы ауыр хәлде жатыр

Қызылордада көлік қаққан бес айлық сәби көз жұмды: анасы ауыр хәлде жатыр
видео кадры

Қызылордада көлік қаққан бес айлық сәби көз жұмды, ал анасы ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәлімет бойынша 13 қазанда сағат 17:10 шамасында Қызылордада Mitsubishi Lancer көлігінің жүргізушісі бес айлық сәбиі бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатынан нәресте көз жұмған. Ал 26 жастағы анасы ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ол әлі есін жимаған.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйелдің қабырғалары мен жамбас сүйегі сынған. Бұдан бөлек, денесінде бірнеше ауыр жарақат бар. Оған бірнеше ота жасалуы мүмкін.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті кім екені анықталған. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.