Қазақстан дәрігерлері Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға қатысып жатыр. Олар ондаған күрделі ота жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан 3 қарашаға қараған түні болған магнитудасы 6,3 баллдық жер сілкінісінен кейін Ауғанстанға медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Президенттің тапсырмасы бойынша гуманитарлық жүк пен медициналық бригада жөнелтілді, олар өткен аптадан бері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Мемлекеттік резервтен дәрі-дәрмектер, хирургиялық құралдар, таңғыштар, шатырлар, төсек-жабдықтар және басқа да қажетті ресурстар жеткізілді.
Миссия құрамына көптеген жарақаттармен, полижарақаттармен және шұғыл жағдайлар бойынша тәжірибесі бар мамандар кірді.
Қазақстандық бригаданың құрамында академик Батпенов атындағы ҰҒТОО дәрігерлері медициналық көмек көрсетеді: О.Бекарысов, Д.Ғалым, А.Долгов, Р.Әбілов, Б.Тұрлыбеков. Ұлттық нейрохирургия орталығы: С.Карібай, Н.Әшіров, А.Қадыров.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы: А.Сатыбалдин, С.Нұртазин, Р. Сәлімов, А.Қыдырбаев, Г. Түсіпбеков.
Осы уақыттың ішінде қазақстандық дәрігерлер ондаған консультация, зерттеп-қарау мен операциялар өткізді.
