Жаңа заңнама браконерлерге тосқауыл қойды

Dalanews 26 ақп. 2023 13:33 961

Қоршаған орта мен ақ-құсты қорғау мемлекетіміздің маңызды істіренің бірі десек болады. Осыдан 3-4 жыл бұрын браконерлікке қарсы күрес шаралары тым әлсіз еді. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы жұмыстарды сынға алып,  табиғатты қорғау және браконерлікке қарсы заңнамаларды күшейтуге пәрмен бергеннен кейін, бұл бағаттағы ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге қол жеткіздік.

Осыған дейін қазақ сахарасындағы ақбөкендердің мәселесі қоғамда өткір көтерілгенін бәріміз білеміз. 2020 жылы браконерлердің жолын кесетін заң күшіне еңгеннен кейін елімізде заңсыз аң аулау ісі айтарлықтай төмендеді.

Бұрындары браконерлер киіктің соңына түсіп, олардың жойып жібере жаздағаны жасырын емес. Заң қабылданбай тұрған сәтте үш жылдың ішінде браконерлердің қолынан үш мың киік оққан ұшқанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

Олар кең даланың еркін мекендеген киіктерді мүйізі үшін қан-жоса қылып қырды. Ұзынқұлақтан естуімізше, браконерлер киіктің бір келі мүйізін 2 мың доллардан сатып, ақша тауып келген.

Осылайша ақшаға құныққан браконерлер аз ғана уақыттың ішінде қазақ даласын мекендегін киіктерді қырып таусыуға шақ қалған еді.

О бастағы заң бойынша қолға түскен браконерлер айыппұлын төлеп, құтылып кетіп отырған.

Ал кейіннен браконерлерге қарсы заң жаңарғаннан кейін оларға қарсы қолданылатын айыппұл қылымыстық жауапкершілікке теңестірілгеннен кейін, заңсыз аң аулаушылар айлын жиған болатын.

Бүгінде сирек кездесетін жаунарларды атқан браконерлер 3-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

– Киіктердің қорғау шаралары жетілдірілгеннен кейін 2022 жылы олардың саны 842 мыңға жетті. Қазіргі таңда еліміздің 12 облысында сирек кездесетін жануарларды қорғау бойынша іс-шаралар ұдайы жүргізіліп тұрады. Олардың арасында киіктер де бар. Елімізде сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін Қазақстан бойынша 430 инспектор жұмылдырылған. Олар еліміз бойынша 123 млн гектар жерге бақылау жасайды. Инспекторлар 152 арнайы автокөлікпен қамтамаз етілген. 2019 жылы өз қызметін атқарып жүріп, браконерлердің қолынан бір инспекторымыз оққа ұшқан еді. Осы бір қайғылы оқиға қоғамның назарын аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды ширауға ықпал еткен болатын, – дейді Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің қызметкері.


Осыған дейінгі заң табиғат пен жануарларды қорғаушы инсепкторлардың жұмысы үшін тиімсіз болғаны жасырын емес.

Айталық, ескі заңда инспектор браконерді ұстағаннан кейін оған қарсы бірден әкімшілік хаттама толтырып, үстінен іс қозғай алмайтын-ды. Іс қозғау үшін инспектор қолындағы материалдары мен айғақ заттарын полицияға тапсыруы керек еді.

Бұдан кейін істі полиция қызметкерлері істі қарап, қылымыстық құрамы бар-жоғын анықтап, өз пәтуларын шығарғанша инспекторлар браконерлерге қарсы шара қолдана алмайтын.

Кейде бұл ісі бірнеше айға созылып, соңында браконерлер жазадан құтылып кететін-ді. Табиғатты қорғаушы инспекторлар осындай кедергілерді жеңіп шығуына тура келеді.

Сол кезде браконерлер кейбір полиция қызметкерлерімен ауыз жаласып, жазадан құтылып кетіп кездері болғаны да жасырын емес.

Айталық, 2019 жылдары елімізде браконерлік бойынша 539 іс қозғалып, тек 29 іс бойынша ғана заңсыз аң аулаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осылайша сол кезде браконерлердің 90 пайызы жауапкершіліктен сытылып кеткенін байқауға болады. 2019 жылға дейінгі үш жыл ішінде заңсыз аң аулаудан еліміз 3,6 млрд теңге шығын шекті. Бұл мәліметте сол кезде Бас прокуротуранің өзі жария еткен еді.

Жаңа заңды дайындау барысында депутаттар браконерлерге қарсы қолданылатын айыппұлдарды қылмыстық жауапкершілікпен алмастырып, заңсыз аң аулауда барынша қатайтты. Осының нәтижесінде браконерлер заңсыз аң аулап, еліміздің жануарлар дүнесін пайданың көзіне айналдыруына тыйым салынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар