Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кеткен

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 10:06

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кеткен. Көп жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz "КТК" телеарнасына сілтеп.

Оқиға кеше сағат үш шамасында Желтоқсан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Toyota маркалы көлікті тізгіндеген ер адам кенет ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып өткен.

Көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар