Павлодарда құрылыс жұмыстары кезінде үйінді астында қалған ер адам өлі табылды

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 11:00

Павлодарда құрылыс жұмыстары кезінде үйінді астында қалған ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

7 қарашада 112-ге Казахстанская правда көшесінде салынып жатқан ғимараттың құрылыс алаңында плита құлағаны туралы хабарлама түскен. Алғашында үйінді астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін екені айтылған.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жеткен.

Бүгін жоғалған адамның орналасқан жері анықталған. Таңертең құтқарушылар денені үйінді астынан алып шыққан. 

Полиция "Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар