Трамп Тоқаевтың АҚШ-қа сапарынан кейін қандай мәлімдеме жасады?

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 14:00

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы C5+1 саммитіне байланысты АҚШ пен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан арасында жаңа және жемісті қатынас басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Трамп өз сөзінде кейінгі 30 жыл бойы алдыңғы президенттер бұл өңірге жеткілікті көңіл бөлмегенін, ал қазіргі әкімшілік толыққанды көңіл бөлуге ниетті екенін айтты.

Саммит барысында авиация, минералдар, ауыл шаруашылығы, темір жол, автоөнеркәсіп және технология салаларында миллиардтаған долларлық келісімдер жасалғаны және ондаған мың америкалық жұмыс орны қолдау тапқаны атап өтілді.

"Кеше Ақ үйде Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесіп, саммитке қатысу мен үшін зор мәртебе болды", – деді ол.

Айта кетейік, C5+1 – АҚШ және Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) дипломатиялық платформасы. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар