Шымкентте шенеуніктен 10 млн теңге бопсалаған AMANAT-тың экс-қызметкерінің аудиосы тарады

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 14:39

Кеше Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды. Осы іске қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Шымкентте шенеуніктен 10 миллион теңге бопсалаған журналист әрі блогер ұсталған еді. Ол AMANAT партиясының экс-қызметкері болуы мүмкін екені айтылды.

"Ол Арай Есенбек болып шықты, бір қызығы Шымкент әкімдігінің бұрынғы баспасөз хатшысы", - деп жазды Михаил Козачков.

Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері кеше.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар