Дастан Сәтбаев "Дарын" сыйлығының иегері атанды

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 12:05

"Қайрат" клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол "Спорт" номинациясы бойынша наградталады.

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қарашада өтеді. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.

Дастан Сәтбаев мансабын 2024 жылы "Қайрат жастар" клубында бастаған. Биыл қаңтарда "Челси" футбол клубы Дастан Сәтбаевпен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны – 4.3 миллион еуро. Қазақстандық футболшы "Челси" сапына 2026 жылдан бастап қосылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар